Байқоңырдан Ангола Республикасының тұңғыш байланыс спутнигі ұшырылды
Бүгін, 27 желтоқсанда, Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппараты штаттық режимде ұшырылды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшыру «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы 45-алаңнан, «Зенит-СМ» зымыран тасығыштың старт кешенінен (№1 ұшыру қондырғысы) жүзеге асырылды.
«Ангосат» ғарыштық аппараты - Ангола Республикасы және бүкіл Африка континентін C- және Ku-диапазондар жиілігінде теледидармен қамтамасыз ету үшін құрастырылған геостационарлық спутник.
Спутникті Ангола Республикасы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «С.П. Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорация» Бұқаралық акционерлік қоғамы жасады.
«Ангосат» жобасы ретрансляторы бар байланыс спутнигін құрастыру, оны геостационарлық орбитаға ұшыру және байланыс пен телевизиялық таратудың жерүсті инфрақұрылымын жасауды қарастырады. «Ангосат» ғарыштық аппаратының қызмет етуінің кепілді мерзімі - 15 жыл, оның салмағы - 1685 кг. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес бұл ұшырыллым осы жылдағы соңғысы еді.
http://www.http.inform.kz