Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын, қалап келем әлі де,
Хабардар боп бір заттан үлкен, кіші, кәрі де.
Бабаларың білмейтін бұл бәлекет негізі,
Сау болсаң да үздіксіз қолданатын дәрі ме?
Нашақор боп өмірден өтті талай жас ағым.
Бұл жайында мен бүгін өлеңімді жазамын.
Алла қылған саулығың аманаттай берілген,
Ал қиянат жасайтын біз емеспіз, қазағым.
Саудаға да салады мұны жақсы серік деп.
Таратады әр кезде қолдан қолға беріп кеп.
Тәуелсіз бұл елімде өмір сүрген шақтарда,
Тәуелділік қажетсіз әр нәрсеге еліктеп.
Көңілдерден үздіксіз үміт оты жанғанда,
Шын амандық тілеймін әрбір атар таңдарға.
Ешқашан да кез болмас қиындықтар қандай да,
Есірткідей зұлымнан алыс жүрген жандарға.
Арманымыз көп алда болашаққа жетелер,
Салауатты өмірің жақсы күндер әкелер.
Есірткіден аулақ боп, бойды таза ұстайық,
Дәл бұны да жеңем деп биіктерге жете бер.

Нұрай НҰРМАШ,
№25 мектептің 10 сынып оқушысы
02 қараша 2024 ж. 180 0

Бақытқа бөлеген мекен

10 қазан 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031