Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жел соғып, бұрқасын жүреді: Бүгінгі ауа райы болжамы

Жел соғып, бұрқасын жүреді: Бүгінгі ауа райы болжамы

Синоптиктер 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз

Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

«Қазгидрометтің» болжауынша, түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Семейде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасың жүріп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.
11 қараша 2024 ж. 80 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031