Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауын-шашын, көктайғақ: 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын, көктайғақ: 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,– деп хабарлайды Aikyn.kz
Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады және бірнеше өңірде нөсер жаңбыр, қар жауады.
Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 23-28 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының батысында, орталығында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, қар жауады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.
01 қараша 2024 ж. 78 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930