Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды


Фото: 1url.ru

Қазгидромет синоптиктері бүгін, 19 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысыда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды, ал күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
19 тамыз 2024 ж. 102 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930