Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстан мен Microsoft серіктестігін талқылады

Тоқаев Қазақстан мен Microsoft серіктестігін талқылады

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстан мен Microsoft компаниясының IT-индустрияны дамыту және стартаптар үшін толық экожүйе құру бағытындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Айта кетейік, Microsoft компаниясының Қазақстандағы кеңсесі қайта құрылымдалып, Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын мультиөңірлік хабқа айналды.

“Елімізде жасанды интеллект саласына қатысты заңнама әзірленіп жатыр. Басты мақсат –инновацияны дамыту және экономикалық өрлеу үшін ЖИ әлеуетін пайдалану. Келесі жылы Жасанды интеллект ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр. Аталған кешен Қазақстандағы цифрлық трансформацияға қажетті негізгі инфрақұрылымға айналмақ”, – деді мемлекет басшысы.


Мишель Симмонс Microsoft компаниясы цифрлық даму мақсатында Қазақстан тарапымен нәтижелі ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға бейіл екенін атап өтті.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан 2029 жылға қарай шетелден 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тартатыны туралы айтқан еді.
31 қазан 2024 ж. 120 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930