Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Microsoft құны 2 триллион доллардан асты

Microsoft құны 2 триллион доллардан асты

Сауда-саттық барысында бір күн бұрын интернет индустрияның барлық ірі компаниялары қымбаттады. Microsoft корпорациясының капитализациясы алғаш рет 2 триллион доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz
NASDAQ биржасының мәліметіне сілтеме жасап. Өткен жылы компания шамамен 30%-ға қымбаттаған. Қазіргі уақытта екі триллион доллардан астам капитализация Microsoft-тың басты бәсекелесі Apple корпорациясында ғана бар. Оныкі – 2,23 триллион доллар. Сауда-саттық барысында бір күн бұрын интернет индустрияның барлық ірі компаниялары (Microsoft, Apple, Facebook, Amazon, Netflix, Alphabet және Nvidia) қымбаттады. Ресми мәлімет бойынша, Microsoft акцияларының бағасы 265,51 долларға жетті. Сарапшылар компанияның құнды қағаздары алдағы уақытта тағы да қымбаттайды деген пікірде. Сауд Арабиясының Saudi Aramco деп аталатын мұнай компаниясының капитализациясы тарихта алғаш болып екі триллион доллардан асқан еді. Бірақ қазіргі уақытта бұл көрсеткіш шамамен 1,9 триллион доллар деңгейінде.


23 маусым 2021 ж. 1 379 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930