Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс биржа боттарына тыйым салатын заңды қабылдады

Мәжіліс биржа боттарына тыйым салатын заңды қабылдады

Коллаж: Kazinform
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Заң Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленіп, 2024 жылғы 18 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды.

«Егер тауар биржалары ашық және ережелерге сай жұмыс істесе, олардың экономикадағы рөлі артады. Заң осы мақсаттарды орындау үшін әзірленді және бірқатар мәселелерді шешеді. Осы құжатты екінші оқылымға дайындау кезінде депутаттардан тиісті ұсыныстар келіп түсті», - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Бұл тұрғыда клирингтік орталықтардың бағдарламалық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар енгізілді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібі нақтыланды, тауар биржаларының жарғылық капиталының тұрақты шамалары белгіленді.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мәліметіне қарағанда, заң аясында тауар биржасын реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары айқындалды. Сонымен қатар, тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі жетілдіріледі: автоматтандырылған жеделдетіп өңдеу және сатып алу-сатуға өтінім беру үшін бот-технологияларды пайдалануға тыйым салынады.

Мұнымен қоса, мемлекеттік бақылау (тауар биржаларының лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру) кеңейтіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда биржадағы боттарды пайдалануға тыйым салынады.
30 қазан 2024 ж. 46 0

Татуласу рәсімдері

30 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031