Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күніне орай қазақстандықтарға біржолғы төлем беріледі

Республика күніне орай қазақстандықтарға біржолғы төлем беріледі

Сурет: inbusiness.kz
Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар және азаматтардың басқа да санаттары алады
Республика күніне орай азаматтардың белгілі бір санаттары біржолғы мереке алдындағы төлем алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды әкімдігі азаматтарға Республика күніне орай төленетін біржолғы төлем туралы хабарлады. Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар және азаматтардың басқа да санаттары алады.

Мүгедектігі бар адамдар мерекеге 20 мың теңгеден алады. Қарағандыда олардың саны 22,5 мыңнан асады. АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын қарағандылықтар 18 мың теңге төлем алады.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.
23 қазан 2024 ж. 96 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930