Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-саттық 3 есе артады

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-саттық 3 есе артады

Фото: pixabay
Елімізде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Қазақстан-Ауғанстан» бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан мен Ауғанстанның арасындағы сауда-саттықты нығайтуға арналған шаралар туралы айтып берді.

Бүгін біз бірнеше іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Соның бірі Қазақстан мен Ауғанстанның арасындағы сауда-саттықты нығайтуға арналған көрме. Мұнда 150-ден астам компания қатысып, 80 түрлі экспозиция құрылып жатыр. Оның ішінде тамақ өнімдері, кілем, мата, киім кешек, қазан және тағы басқа тауар түрлері бар. Көрмеден бөлек екіжақты кездесулер өтіп жатыр. Бұл кездесулерде энергетика, сауда, транспорт, көлік мәселелерін қарастырып жатырмыз. Кеше Ауғанстанның министрі Азизи мырза Қорғасқа барып Қазақстан мен Қытайдың үлкен құрылымдарын көріп, таң қалды. Қорғастың мүмкіндігін пайдаланып Ауғанстанға қытай тауарларын Қазақстан арқылы тасымалдағысы келетінін айтты, - деді Төребаев.

Вице-министрдің сөзінше, бүгінгі таңда екі ел арасында сауда саласында шешімін табатын бірнеше мәселе бар. Олар: карантин, салық және тариф.

Осы мәселелерді бүгін талқылап, екі мемлекет арасындағы сауданы 3 млрд долларға жеткізу жөнінде құжатқа қол қоюды жоспарлап жатырмыз. Сауда көлемі негізі 1 млрд шамасында, соны 3 есе көбейту мақсаты тұр. Транзиттік жолдарға тоқталсақ, Өзбекстан арқылы тасымалдауға болады. Қазір Өзбекстан-Түркменстан және тікелей Түркменстан бағыты да бар. Осы орайда жол тарифі, көлік қозғалысы мен оған қажет құжаттар, сондай-ақ виза мәселелерін талқыладық, - деді Қайрат Төребаев.

22 қазан 2024 ж. 39 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031