Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік кеңесіне реформа қажет - Тоқаев

Қауіпсіздік кеңесіне реформа қажет - Тоқаев

Фото: Ақорда
Пленарлық отырыстың модераторы, Berlin Global Dialogue төрағасы Ларс-Хендрик Рёллер Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстанның өңірдегі рөлі туралы, сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық арқылы орта державалардың ұстанымдарын тиімдірек пайдалану тұрғысынан қандай проблемалар бар екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең алдымен, біз аймақтық саясатқа, Орталық Азиядағы барлық жақын көршілерімізбен тығыз ықпалдастыққа бейіл екенімізді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастықты тереңдеткен сайын, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің мүдделері үшін жақсы болмақ. Қазіргі жағдайды он жыл бұрынғы ахуалмен салыстыруға келмейді, мүлде өзгеше. Бүгінде біз белсенді ынтымақтастықты дамытып келеміз, ауқымы кең мәселелер бойынша санқырлы байланыс орнатылды. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жиі кездеседі. Ортақ мәселелерді бірлесе пысықтайды. Бұл басқосулардың нәтижесі мол. Сондықтан менің жауабым айқын. Біздің саяси ұстанымдарымыз стратегиялық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған. Меніңше, Орталық Азияның әлем картасындағы орны ерекшеленіп келеді. Менің аймақтағы әріптестерім мұнымен келіседі деп ойлаймын. Біз осы өте маңызды өңірдің әлеуетін нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Президент сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесі тығырыққа тірелгенін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымына келетін болсақ, мен оны нығайту керек деген сенімдемін. Өйткені оның орнын басатын ұйым жоқ. БҰҰ-да көптеген кемшілік болғанымен, бізде басқа балама жоқ. Сондықтан Қазақстан БҰҰ рөлін нығайту бойынша осындай ұстанымдағы барлық елмен ынтымақтаса беруге ниетті. Аймақтық державалар мен орта державалардың үні, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінде естілуге тиіс. Қауіпсіздік Кеңесі де реформаға мұқтаж. Өйткені ол, өкінішке қарай, тығырыққа тірелді. Ал одан шығудың жолын бәріміз бірлесіп табуымыз керек. Біз келесі жылы 80 жылдығын атап өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсетуіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
17 қазан 2024 ж. 102 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930