Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 15 қазанда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбі күні Петропавл, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.