Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум нәтижелері бойынша кездесулер өтуде

Референдум нәтижелері бойынша кездесулер өтуде

Аудандық партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында елімізде АЭС салу мәселесі бойынша Республикалық референдумның қорытындысы талқылануда.

Осы тақырыптағы жиын «Көлік» бастауыш партия ұйымында өткізіліп, партиялықтар рефрендум нәтижесінің еліміздің алдағы даму бағытындағы ықпалы, оның экономикалық тиімділігі және АЭС-тің энергиямен қамтамасыз етудегі тұрақтылығы жөнінде пікір алмасты.
– Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық көрінісі. Ел тұрғындары зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін көрсетті. Соның ішінде, Сыр өңірі саяси науқанға қатысу бойынша ең белсенді аймақ ретінде танылды. Аудан тұрғындары да маңызды шарадан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміздің бекем екенін тағы бір мәрте көрсеттік, – деді БПҰ төрайымы Ләззат Ізбасқан.
Сондай-ақ Ләззат Шманқызы АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері түрлі ұжымдармен, кент, қала, барлық ауылдық округтердің, елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, АЭС салудың маңыздылығын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның қорытынды нәтижелерін жариялаған болаты. Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдағандар саны 71,12%-ын құрады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 қазан 2024 ж. 221 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031