Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәрестеге сәтті ота жасалды

Нәрестеге сәтті ота жасалды

Фото: перинаталдық орталығы

23 қыркүйек күні Облыстық перинаталдық орталығының неонаталды хирургия бөлімінде туа бітті ақау – «Ішектің орналасуы мен фиксациялануының бұзылуы (Ледда синдромы)» диагнозымен күрделі хирургиялық операция жасалды. Ота сәтті өткеннен кейін, 7 қазан күні нәрестенің жағдайы тұрақтанып, анасымен бірге үйіне шығарылды.
Ота бригадасы:
• Неонатальды хирург – Маханбетияров Болат Үмбетұлы
• Көмекші хирург – Нүсіпқожаев Серік Кеңесұлы
• Балалар анестезиологы – Самсонов Игорь Михайлович
• Неонатолог – Алтынбекова Мереке Жаңабаевна
• Ота жасау мейіргері – Жапанова Сауле Сериковна
Білікті мамандардың еңбегінің арқасында баланың денсаулығы қалпына келіп, толық ем алуына мүмкіндік берілді.
Туа болған жедел ішек өткізбеушілігі (мальротация) – ішектің қалыпты айналуы мен бекіну процесінің бұзылуына байланысты туындайтын патологиялық жағдай. Бұл туа біткен ақау ішектің дұрыс орналаспауы және ішек ілмектерінің дұрыс емес бағытта айналуымен сипатталады. Мальротация кезінде ішек айналасында қан тамырларының қысылуы немесе бұралуы ішекке қан айналымының бұзылуына және оның өткізгіштігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайды дер кезінде емдеу қажет, себебі ол ішек некрозына немесе перитонитке әкелуі мүмкін.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы
09 қазан 2024 ж. 142 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930