Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балаларды тасымалдау үшін арнайы төлем»: Air Astana бүгіннен бастап жаңа ереже енгізді

«Балаларды тасымалдау үшін арнайы төлем»: Air Astana бүгіннен бастап жаңа ереже енгізді

Оның құны бір жағына — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары»
Фото: Pixabay
Енді балаларды ұшаққа жалғыз отырғызатын болсаңыз, ақы төлеуге тура келеді. «Air Astana» әуе компаниясы бүгіннен бастап осындай ереженің енгізілгенін мәлім етті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ересектерсіз жолға шығатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін арнайы алым төлеу керек. Оның құны бір жағына — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары», — делінген хабарламада.

Әуе компаниясының мәліметінше, бұл қаржыға борт қызметкерлері сапарлайтын баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап баратын жердегі жауапты тұлғамен кездесуіне дейін алып жүреді. Кішкентай жолаушылар ұшаққа бірінші болып мініп, соңғы қатарда отырады әрі оларды экипаж бақылайды.

Заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі керек. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
02 қазан 2024 ж. 233 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031