Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Билеттер сараптамадан өтеді": Елімізде лотерея ойынын өткізу ережелері өзгереді

"Билеттер сараптамадан өтеді": Елімізде лотерея ойынын өткізу ережелері өзгереді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың 23 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес лотерея өткізу ережелері өзгерді. Енді лотереяны тек лотерея операторлары өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қаулыда көрсетілгендей, лотереяны өткізу шарттары және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құзыретті органдарда лотерея операторымен келісіледі.

Лотереяны тек лотерея операторлары өткізеді.
Мезеттік лотереяны өткізу кезінде қатысушы оператор белгілеген бағаларға сәйкес лотерея ойынын өзі таңдайды. Лотереяға қатысушы бастапқыда ұтыстарды бірден анықтауға мүмкіндік беретін белгілер жиынтығы (жазбалар, сандар, белгілер, сызбалар) бар лотерея билеті мен электрондықлотерея билетін таңдап алады.

Тиражды лотереяны төменде көрсетілген әдіс бойынша өткізуге болады:

Лотереяға қатысушыларды оператордың интернет-ресурсы, лотереяның мобильді қосымшасы және заңнамада тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы лотереяға қатысу ережелері мен шарттары туралы хабардар ету;
Лотерея ақпаратын өңдеу орталығында әрбір лотерея ұтысына қатысатын лотерея комбинациялары туралы ақпаратты жинау;
Лотереяға қатысушыны лотерея комбинациясын тіркеу туралы хабардар ету;
Лотереяға қатысушының лотерея комбинациясын дербес таңдау.
Ұтыс лотереясының комбинациясы кездейсоқ сандарды генерациялау және арнайы лотерея жабдығы арқылы анықталады.

Ал электронды лотерея келесідей тәртіппен өткізіледі:

Лотереяға қатысушы электронды лотереяға қатысу үшін лотерея операторының интернет-ресурсына немесе лотереяның мобильді қосымшасына тіркеледі;
Тіркелгеннен кейін лотереяға қатысушы ұялы телефонына “лотерея әмиянына” қол жеткізу үшін құпия коды немесе лотереяның мобильді қосымшасында тиісті мәтіндік хабарламасы бар SMS-хабарлама алады;
Электронды лотерея ұтысы оператордың лотерея ақпаратын өңдеу орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Ұтысты лотерея билеттері мен электронды билеттер сараптамадан өтеді. Ұтысты болып, ұтыс сомасы 6 АЕК-тен (2024 жылы 22 152 теңге) және 190 АЕК-тен (2024 жылы 701 480 теңге) асса сараптаманы лоторея операторы жүргізеді.

Ұтыс билетін ұтыс ойыны аяқталған күннен бастап алты ай ішінде қатысушы операторға сараптамаға ұсынуға тиіс. Жеңімпаз лотерея операторына немесе лотерея билеттерінің дистрибьюторына (агентіне) мына құжаттарды ұсынады:

Жеке бас куәлігі;
Ұтысты болған билет.
“Ұтыстарды төлеу теңгемен қолма-қол немесе банктік аударым арқылы жүзеге асырылады. Ұтыстарды төлеу тиісті ұтыс ойынынан кейін отыз күннен кешіктірілмей басталады және осы ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған күннен бастап кемінде алты ай бойы жалғасады. Осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ұтыстарға шағымдар лотерея шарттарында белгіленген тәртіппен қабылданады”, – делінген хабарламада.
01 қазан 2024 ж. 57 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 58

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031