Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұтыс ойнату жиіледі". Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

"Ұтыс ойнату жиіледі". Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: depositphotos.com
Туризм және спорт министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде лотерея ойнату заңға қайшы екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру дерегі жиілеген. Министрлікке алданған адамдардан шағымдар көбейген.
Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, интернетте тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
"Тексеріс барысында Instagram-дағы жеке парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдаған. Бұдан бөлек, 35 дерекке қатысты хаттама дайындауда.
"Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңға сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты қазақстандықтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.
17 мамыр 2024 ж. 284 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 125

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 121

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930