Онлайн-бақылау касса машиналарының бағдарламасын жаңарту
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI санды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 165 бабының 1-тармағына сәйкес, ақшалай есеп айырысулар - қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсететін барлық салық төлеушілер Онлайн- БКМ тіркеуге міндетті.
2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
«Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылып бекітілді.
Осыған байланысты, модельдері бақылау касса машиналарының мемлекеттік тізімінен енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын Барлық кәсіпкерлерге 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет! 1 қаңтардан бастап, 2.0.2 басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.
Г. ЖАҚСЫБАЕВА,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы