Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан көкжөтелдің 1,8 млн доза вакцинасын сатып алған

Қазақстан көкжөтелдің 1,8 млн доза вакцинасын сатып алған

Фото: naryntany.kz
Елімізде балаларды көкжөтелге қарсы жоспарлы вакциналау жүріп жатыр. Вакцинаны салу 7 жастан басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Үкімет Қаулысы бойынша балаларға көкжөтел вакцинасын салу 7 жастан басталады. Тегін кепілдендірілген медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында екпенің үш түрі сатып алынады – Гексаксим, Пентаксим, АбКДС", – дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцина арқылы реттелетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева.
Оның сөзінше, 2024 жылға деп Гексаксим вакцинасының 700 000 дозасы сатып алынған. 8 айдың ішінде 437 мың бала екпе алған.
• Екпенің бірінші дозасын 1 жасқа дейінгі 222 мың бала;
• Екінші дозасын 215 мың бала алған.
Ал, Пентаксимнің 760 мың дозасы сатып алынған. Оны екі жасқа дейінгі 435 мың бала салған.
• Бірінші дозаны 215 мың бала;
• Екінші дозаны 2 жасқа дейінгі 220 бала алған.
Ал, 6-7 жастағы балаларға арнап АбКДС вакцинасының 360 мың дозасы сатып алынған.
Қаңтардан бері бұл вакцина 213 мың балаған салынған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі көкжөтелмен ауырған балалардың 80-90 пайызы екпе алмағандар.
29 қыркүйек 2024 ж. 186 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 150

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031