Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Монетадан” мал табуға бола ма?

“Монетадан” мал табуға бола ма?


Бірнеше жыл бұрын өнімділігі кәнігі компьютерден немесе ноутбуктен кем түспейтін телефондар болады дегенге сену қиын еді. Бүгінгі күні әрбір адамның дерлік смартфоны бар, оның көмегімен отбасыңыз бен достарыңызға қоңырау шалып қана қоймай, сонымен қатар кез келген уақытта интернет игілігін де көре алатын күйге жеттік. Әсем әуенді де бұрынғыша күйтабақсыз ойнатып, тыңдай аламыз, ауа райы болжамын немесе ағымдағы валюта бағамын еш қиындықсыз біле аламыз. Енді смарфтон жаңа дәуірге аяқ басып, ақша тауып, сонда тұрақты табыс көзін табатын күйге де жетіп отырмыз. Оны кез келген қалтафон иесі еш қиындықсыз жасай алады. "Ол қандай жолмен іске асады? Тұрақты қанша сомма табуға болады?" деген сынды сауал мазаласа, мақаланы толық оқып шығуға кеңес береміз.
Бүгінде онлайн жұмыс алаңы атышулы Павел Дуров негізін қалаған Телеграм желісі арқылы іске асады. Онда криптоәлеммен тығыз байланысқа енген Тон монетасын жинайтын арнайы ойындар болады. Мәселен, белгілі бір криптокомпания су жаңа тон монетасын жариялап, телеграм қолданушыларына ұсынады. Егер жаңа тон тұтынушылар талғамынан табылса, 30 немесе 40 күн ішінде қолданушылар арқасында екі жақты да қаржылай қанағаттандырады. Әдетте мұндай бір криптобағдарламаның өзінен желі қолданушылары тұрақты 500-700 шамасында АҚШ долларын табады. Төменде осы секілді табысқа кенелтер су жаңа криптобағдарламалар атауымен бөлісеміз.

Notcoin
Notcoin – Тон блокчейнінде жасалған алғашқы инновациялық криптовалюта ойыны. Жоба биылғы жылдың бірінші қаңтарында іске қосылған кликер Web3 қолданбасы болып табылады. Ойын телеграм бот арқылы жүзеге асырылды. Ойын бір мезетте 20,7 миллион қолданушыны қызықтыра алды. Нәтижесінде 30 күн ішінде 3 миллиард 644 миллион Notcoin жиналды. Межелеген уақыты жеткенде, Notcoin әкімшілігі airdrop уақытында қолданушыларды қапы қалдырмады. Яғни, әрбір еңбектенген адамға 1200-1450 АҚШ доллары шамасында қаржы берілді. Бүгінде Notcoin бағамы 0,7 долларды құрайды. Notcoin негізін қалаушылардың сөзіне сенсек, бағдарламаның екінші кезеңі алдағы уақытта басталатын болады.

Dogs
Notcoin-нан кейін телеграм, жалпы криптовалюта әлемінде мем-коин атауы қалыптасып, жаңа монеталар қарасы қалыңдай түсті. Соның бірі – Dogs монетасы. Dogs-тың бір ерекшелігі ол телеграм желісінің бас директоры Павел Дуровтың талисманы негізінде құрылған. Яғни, Дуровтың жеке монетасы. Бұл криптобағдарлама Тамыз айының белортасында басталды. Негізінен мем-коинда қаржының берілуі қолданушы санына тікелей байланысты болады. Ал мұнда аз ғана уақыт ішінде 34 миллионнан астам қолданушы жиналды. Тиісінше Dogs-тың да қолданушылары қомақты қаржыға кенелді. Орта есеппен телеграм қолданушылары қоржынын 350-400 АҚШ долларына толтырды. Бұл аз ғана уақыт ішінде өткен криптобағдарлама екенін еске салқса, өте жақсы көрсеткіш.

Hamster Kombat
Hamster Kombat – кликерлердің ішіндегі ең қатты резонанс тудырып, үлкен жаңалықтар жариялаған мем-коин болды. Әдетте криптоәлем екіге бөлінеді. Бірі – «кит» деп аталатын мықтылары, ал екіншісі – «хомяк» деп аталатын ең әлсіздерді. Hamster Kombat-тың ғалам жұртын шулатқан жаңалығы әлсіздердің мықтыларды басып озуында болды. Яғни, мұндағы мем-коин бағдарламасында 15 күн ішінде 150 миллион қолданушы тіркелген. Келешегінен зор үміт күттірген криптобағдарлама 2-3 ай ішінде өз мәресіне жетті. Мұнда бағдарлама әкімшілігі монетаны бірнеше критерийлер бойынша таратпақ. Ең біріншісі әрі маңыздысы ол – әділ ойнау. Мұнан кейінгісі майнинг, яғни сіздің өздігінен сағат сайын табатын табыс санын арттыру. Ал соңғысы арнай кілттерді жинап, ойынға не барынша көп достар жинау.
Hamster Kombat-тың ресми airdrop беру күні қыркүйек айының 26-сы болмақ. Әзірге алдын ала есептеу бойынша, қолданушылар орта есеппен 3000-5000 Hamster монетасын алады. Оның дәл қазіргі бағамы АҚШ долларымен шаққанда 0,1-0,2-ні құрап тұр. Яғни, әрбір қолданушы airdrop кезінде жобамен 285-300 мың теңгеге кенелмек.
Әзірге криптоәлемді шулатып, барша онлайн еңбек етемін деуші қалтасын қалыңдатып тұрған мем-коин, онлайн ақша әкелер бағдарламалар тізімі осы. Алда әлі мәресіне жетпеген Memecoin, Blum, CityHolder кликер ойындар қолданушылар көңілінен шығуда. Осындайда аты мәшһүр Абай атамыздың «Есектің артын жусаң да мал тап» деген адал еңбекті дәріптеген сүбелі сөзі еске түседі. Сол үшін амалын тауып, қандай жұмыс істесеңіз де арсынбай адал істеу ешқашан несібелі нәпақадан айырмаған.

Серік ӘЛИҰЛЫ



28 қыркүйек 2024 ж. 69 0

Кент көркі артуда

28 қыркүйек 2024 ж. 61

№77 (1679)

28 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30