Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Qajymuqan» фильмі көрерменге жол тартады

«Qajymuqan» фильмі көрерменге жол тартады

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Qajymuqan» фильмі көрсетілімін бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм алдағы айда көрерменге жол тартады.

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, - делінген мәліметте.

Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы.

Фильмнің мақсаты – Қажымұқанның өмірімен өскелең ұрпақты таныстыру, оның жетістіктерін ұлықтау және үлгі алу.
27 қыркүйек 2024 ж. 59 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30