Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала арасында қатынайтын электр пойыздарында буфет ашылды

Қала арасында қатынайтын электр пойыздарында буфет ашылды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Ұлттық тасымалдаушының электр пойыздарында буфет ашылды. Жолаушылар енді жеңіл тамақтана алады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

№ 6829/6830 «Астана-Көкшетау» және № 6803/6804 «Астана-Атбасар» бағыттарында қатынайтын электр пойыздарында жолаушыларға жол барысында жеңіл тамақтануға арналған буфеттер ашылды.

«Буфет вагонында ыстық тағамдар қарастырылмаған, алайда жолаушыларға күнделікті қолжетімді бағамен жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері, сусындар, жеңіл тағамдар, шоколад және ыстық сусындар ұсынылады. Бұл ассортимент жолаушыларға жол бойында жеңіл тамақтанып, сапарды одан әрі ыңғайлы өткізуге жағдай жасайды», — делінген хабарламада.

Буфет вагондары электр пойыздарының сапары кезінде жол бойы жұмыс істейді. Буфет вагонында бір жолаушыға арналған орташа чек, сусындарды қоса алғанда 700–1000 теңге шамасында болады.

Айта кетейік, № 6829/6830 «Астана-Көкшетау» және № 6803/6804 «Астана-Атбасар» бағыттарындағы электр пойыздарының жол жүру уақыты шамамен 4 сағатты құрайды.

20 қыркүйек 2024 ж. 210 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930