Жолға жарнама жазып қоюға тыйым салу ұсынылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мәжілісте жолда жарнама жазуға тыйым салуды көздейтін заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәжілісте жолда жарнама жазуға тыйым салуды көздейтін заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің пікірінше, сыртқы жарнаманы жолдар мен көшелерді бояу арқылы орналастыру қалалардың эстетикалық келбетіне нашарлатады. Сондықтан заң жобасына түзетулер енгізу жоспарланып отыр.
Қазір қаладағы тротуарға белгілі бір дүкеннің немесе басқа да өнімдердің жарнамасын бояумен жазып кететінін көріп жүрміз. Әкімдіктің коммуналдық қызметтері сол түрлі шимай жазу мен бояуларды өшіріп әлекке түсіп жатады. Мұны барлығы қаланың келбетін ұсқынсыз көрсетеді. Сондай-ақ осы жазулар жолда жүріп келе жатқан адамның назарын аударып, қауіпсіздікке де әсер етеді. Біз осындай әрекеттерге жол бермеуді қарастырып жатырмыз. Қазір осының бәрі әкімшілік заң бұзу әрекетіне жатпайды. Бірақ осындай бояулар үшін жарнама туралы заңнама аясында айыппұл енгізуді ұсынып отырмыз, - деді Бауыржан Омарбеков.
Министрдің орынбасары қанша айыппұл салу көзделіп отырғанын нақтыламады.