1 қазаннан бастап Өзбекстанның бірнеше өңірінде медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі
Фото: uralskweek.kz
1 қазаннан бастап Мемлекеттік медициналық сақтандыру Ташкент қаласы мен Сырдария облысында енгізілмек. Бұл туралы Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланған кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті Әлихан Асқар.
1 қазаннан бастап Мемлекеттік медициналық сақтандыру Ташкент қаласы мен Сырдария облысында енгізілмек. Бұл туралы Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланған кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті Әлихан Асқар.
Медициналық сақтандыруды енгізу үшін жыл соңына дейін «Электрондық емхана» және «Электрондық аурухана» ақпараттық жүйелері іске қосылады. Ол үшін дәрігерлер арнайы курстан өтеді, мекемелер қажетті техника және желілік жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
«Медицинада нәтижеге негізделген қаржыландыру механизмі қолданылмақ. Медициналық қызмет көрсету және сақтандыру шеңберінде дәрілік заттарды ұсыну мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады және халықтан қосымша ақы алынбайды», - делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетсек, медициналық сақтандыру биыл Өзбекстан астанасында және Сырдария облысында енгізілсе, келер жылдың басынан ол Қарақалпақстанда іске қосылмақ. Ал елдің өзге өңірлерінде бұл жүйені 2026 жылдың соңына дейін енгізу жоспарланған.
«Денсаулық сақтау жобалары орталығы» жобалық кеңсесінің директоры Эльдор Одилов атап өткендей, бастапқы кезеңде тұрғындардан сақтандыру төлемі үшін қосымша қаражат алынбайды.
«Халықтың салығынан жиналған қаражат сақтандыру жарнасы ретінде саналады. Ол тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметті, кепілдендірілген дәрі-дәрмектерді қаржыландыру үшін Мемлекеттік сақтандыру қорында тұрады», - деді Эльдор Одилов.
Қоса кетсек, бұған дейін бір топ қазақстандық ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Парламенттің қарауына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұрап петиция жариялаған еді.
Сонымен қатар, МӘМС-ке айлығы жоғары қазақстандықтардан 250 млрд теңге түспей жатыр.