Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері Өзбекстан экономикасы 6,4%-ға өсті

Жыл басынан бері Өзбекстан экономикасы 6,4%-ға өсті

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Бірінші жартыжылдықта Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 6,4%-ға өсті. Бұл туралы Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен экономикалық даму көрсеткіштері жайлы кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан басшысының айтуынша, бірінші жартыжылдықта Өзбекстанның ЖІӨ 6,4%-ға өсті. Былтыр осы аралықтағы өсім 5,6% шамасында болған.

Шавкат Мирзиёев атап өткендей, жыл басынан бері өнеркәсіп - 7,8%, құрылыс - 10,1%, қызмет көрсету - 12,9% және ауыл шаруашылығысаласында 3,8% өсім байқалды.

Ал бюджеттің кірісі 14%-ға артып, 113 трлн сумға (4,2 трлн теңге) дейін ұлғайды. Экономика және қаржы министрлігінің мәліметіне сай, осы аралықтағы шығындар 149,8 трлн сумға (5,6 трлн теңге), бюджет тапшылығы 36,8 трлн сумға (1,3 трлн теңге) жетті.

Бірінші жартыжылдықта елдегі капиталдың жалпы ағыны 229 трлн сум (8,5 трлн теңге) болды. Оның 15,5 млрд доллары шетелдік инвестициялар.

Президенттің сөзінше, жыл басынан бері құны 3,5 млрд доллар болатын 3 мың жоба іске қосылып, 76 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бұған қоса, қаңтар-маусым аралығында ел бойынша 18,6 мың жаңа пәтер салынып, пайдалануға берілді. Соңғы алты айда 26 мың отбасы шамамен 7 трлн сумға (262 млрд теңге)ипотека алды. Бастапқы жарна мен пайыздық мөлшерлемені жабу үшін 545 млрд сум (20,4 млрд теңге) субсидия төленді.

Қоса кетсек, аталған кеңес барысында Өзбекстан президенті экономикалық дамуға селқос қараған 10 хокимді қызметінен босатты.
18 шілде 2024 ж. 97 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30