Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі істер министрлігі ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі ескерту жасады

Фото: Арман Мухатов
Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

– Құрметті азаматтар! Соңғы кезде білім беру мекемелерінде орнатылған жарылғыш заттар туралы жалған хабарламалар жиілеп кетті.
Барлық осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, мұндай қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар жиі кездесуде.
Жыл басынан бері 168 қылмыстық іс қозғалып, 31 адам ұсталды, оның ішінде 12-сі кәмелетке толмаған бала. 13 адам сотталды, оның ішінде екеуі жасөспірім. Алты ата-анаға айыппұл салынды.
Әрбір жалған хабарлама тұрғындар арасында үрей тудырып, мекемелердің жұмысына кедергі келтіреді.
Олар материалдық шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Бұдан бөлек, сот шешімімен ата-аналар шұғыл қызметтердің шақыртуға шығып, нысандарды тексеруге кеткен шығынын өтеуге міндеттеледі.
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың мінез-құлқына ерекше назар аударуға шақырады.
Жасөспірімдерге осындай әрекеттердің соңы неге әкелетінін түсіндіріңіздер.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін қатаң жаза қарастырылатынын еске сақтаңыздар.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесіп қана, біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта құра аламыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

05 қыркүйек 2024 ж. 264 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031