Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр энергиясы секторын жаңғыртуға 10 трлн теңге қажет. Тарифтер өзгеруі мүмкін бе?

Электр энергиясы секторын жаңғыртуға 10 трлн теңге қажет. Тарифтер өзгеруі мүмкін бе?

Фото: icss.ru
Электр энергия секторын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайдыMassaget.kz.

"Алдын ала бағалаулар бойынша ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет. Қаржыны тарту төрт көзден жоспарлануда: отандық және халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың қаражаты, сондай-ақ энергетикалық объектілердің иелерінің есебінен", – деді Қанат Бозымбаев.


Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Үкімет қаржы институттары мен бизнеске тиімді тарифтер деңгейіне, сонымен қатар қарыздар мен капиталды қайтаруға кепілдік беретін құжаттарды қабылдауды жоспарлап отыр.

Президенттің тапсырмасын орындау аясында жылу, электр және сумен жабдықтау кәсіпорындарындағы жабдықтардың тозуы талданды. Нәтижелерге сәйкес, 22 жылумен жабдықтау кәсіпорындарында тозу көрсеткіші 65 пайыздан 90 пайызға дейін, 18 электрмен жабдықтау объектілерінде – 70 пайыздан 97 пайызға дейін, 13 сумен жабдықтау кәсіпорындарында – 70 пайыздан 100 пайызға дейін, 24 су бұру кәсіпорындарында – 70 пайыздан 100 пайызға дейін жеткені анықталды. Сонымен қатар 55 энергия өндіруші ұйымда жабдықтардың орташа тозуы - 56 пайыз.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекітуді тапсырған болатын.
03 қыркүйек 2024 ж. 224 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930