Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бектенов Қызылорда энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Бектенов Қызылорда энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ алдағы уақытта шыны кластері құрылатын табақ шыны өндіретін инвестициялық жобаға барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір тұрғындарын 1964 жылы пайдалануға берілген ЖЭО жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда жабдықтың тозуы 75%-ды құрайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 2 949 нысан, оның ішінде 808 көппәтерлі үй қосылған. Биыл осы объектілерді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Президент қойған міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен 11 млрд теңге, қалалық қазандықтарды жөндеуге тағы 2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бағытталды. Қабылданып жатқан шаралар жылу трассаларының тозуын 42%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ премьер-министрге жылу қуаты сағатына 277 Гкал болатын жаңа ЖЭО құрылысының қарқыны туралы баяндалды. Қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары аяқталды, жабдықты орнатуға негіз қалануда – алаңға 600-ге жуық адам және 60 бірлік техника жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Нысанды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда инвестор жобаны іске асыруға 70 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Олжас Бектенов ел экономикасының белсенді дамуына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты қосымша энергия қуаты қажет екенін атап өтті.
"Жаңа ЖЭО құрылысы мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Оның іске қосылуы оңтүстік өңірлердегі электр энергиясының жүктемесін тұрақтандыруға және тұтастай алғанда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізеді", - деп атап өтті премьер-министр.
Қызылорда облысының әкімдігіне газ жеткізуші құбыр мен ЖЭО құрылысын уақытылы аяқтау, сондай-ақ барлық объектілердің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.
28 маусым 2024 ж. 169 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031