Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Карантин және бетперде тағу“: Денсаумин қазақстандықтарға ескерту жасады

“Карантин және бетперде тағу“: Денсаумин қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото ©️ Турар Казангапов
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап барлығына карантин шектеулері мен бетперде тағу режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің м.а. қол қойған қаулыда эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтіні түсіндіріледі. Мәселен, осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады.

"Бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі", - деп атап өтті комитет.

Ведомство мәліметінше, коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда.

"Жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, біз азаматтарды ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

03 қыркүйек 2024 ж. 261 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 102

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 117

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 100

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 98

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 107

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 113

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 52

Энергетикалық әлеует артуда

23 желтоқсан 2025 ж. 51

Өңір дамуының маңызды қадамы

23 желтоқсан 2025 ж. 82

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031