Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Экономикаға инвестиция тарту – дипломаттарымыздың басты міндеті

Президент: Экономикаға инвестиция тарту – дипломаттарымыздың басты міндеті

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға, климаттың өзгеруіне және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күресу жолындағы талпыныстарын құптаймыз".

сурет: istockphoto.com

2 қыркүйектегі Жолдауында Президент Қазақстан бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты қатаң ұстанып келетінін айтты. Сондай-ақ еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету, экономикаға инвестиция тарту дипломаттарымыздың басты міндеті екенін де жеткізді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң ұстана отырып, көп жақты ынтымақтастық орнатуға қашанда дайын екенін паш етіп келеді. Еліміз халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелерін шешуге белсенді атсалысады. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға, климаттың өзгеруіне және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күресу жолындағы талпыныстарын құптаймыз. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметін, қарусыздануға қатысты бастамаларын барынша қолдаймыз, қарулы қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз. Астанада Қазақстаның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының саммиттері сияқты бірқатар маңызды халықаралық іс-шара өтті. Бізге қолдау көрсеткені үшін одақтастарымыз бен серіктестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

02 қыркүйек 2024 ж. 380 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 102

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 100

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 99

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 108

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 114

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 52

Энергетикалық әлеует артуда

23 желтоқсан 2025 ж. 52

Өңір дамуының маңызды қадамы

23 желтоқсан 2025 ж. 83

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031