Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі

Құрметті Төраға,
Құрметті Бас хатшы,
Қымбатты әріптестер, ханымдар мен мырзалар!
Адамзат жылнамасындағы ең жойқын Дүниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылдың маусым айында мүлдем жаңа Ұйымның құрылуы – баршамыз үшін айтулы әрі тарихи оқиға.
Даг Хаммаршельдтің Біріккен Ұлттар Ұйымы «бізді жұмаққа жеткізу үшін емес, тозақтан құтқару үшін құрылған» деген қанатты сөзі баршаға аян.
Бастапқыда БҰҰ ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі ретінде құрылғанымен, іс жүзінде әлем елдерін ортақ мақсат пен мүддеге біріктірді. Соның арқасында белсенді әрі ауқымды халықаралық ынтымақтастық дәуірі орнықты.
Әрине, бұл жол жеңіл болған жоқ. Өкінішке қарай, өткен 75 жыл ішінде әлемді қайғы-қасіреттен арылтуға бағытталған ортақ мақсаттарымыз бен құндылықтарымызды ілгерілету жолында көптеген мүмкіндікті қолдан жіберіп алдық.
Дегенмен, сәтсіздіктен де, жетістіктен де сабақ алған жөн. БҰҰ-ның терең тарихы белсенді ұжымдық күш-жігердің арқасында кең ауқымды мәселелерді талқыға салу кезеңі болды. Атап айтқанда, отарсызданудан өсіп-өркендеуге, балаларды қорғаудан климаттың өзгеруіне, денсаулық сақтау ісінен адам құқығына, бейбітшілікті қолдаудан бітімгершілікке дейінгі тақырыптар қамтылды.
Соңғы отыз жылда Қазақстан БҰҰ-ның барлық басты органдарында, соның ішінде, Қауіпсіздік Кеңесінде жанжалдарды реттеу, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, терроризмге қарсы күрес, конфессияаралық және ұлтаралық диалог, теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің мүддесін қорғау сияқты басымдықтарды дәріптеуге атсалысты.
Ал, енді бүгінгі заманның сипатына зер салсақ, көптеген жаңа сын-қатерлер, сондай-ақ қайта етек алған кейбір тәуекелдер бізді өткен кезеңге оралтуы мүмкін екенін байқаймыз.
Қазіргі таңда мультилатерализм зор қатерге тап болды. Мұндай ахуал қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері туындамаған еді.
COVID-19 індетін ауыздықтау аса қиын болып отыр. Әлемде жаппай қарулану үдерісі қайтадан белең алып келеді. Стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге асыру ісі тұралап қалды.
БҰҰ Жарғысында бекітілген мұрат-мақсаттар бұдан былай кәдеге аспайды деген пікір тарауда.
Мен өз елімнің Президенті және БҰҰ-ның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы ретінде бұл көзқараспен мүлде келіспеймін.
Бұған қарамастан, біз үміт отын өшірмей, қайта оны лаулатуымыз керек;
ортақ мұрат-мақсаттан бас тартпай, оған қол жеткізу үшін күш-жігерімізге тың серпін беруіміз қажет;
анархияға жол бермей, халықаралық құқыққа негізделген қоғамдастық құруды жалғастыруға тиіспіз.
Бұл – өте күрделі міндеттер. Алдағы онжылдық 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібінде тұрған міндеттерін жүзеге асыру және қазіргі заманғы дағдарыстарды еңсерудің тиімді жолын табу үшін шешуші кезең болады.
Бұл ауқымды мақсат ортақ күш-жігерді және жауапкершілікті талап етеді.
Біз Бас хатшы Антониу Гутерриштің табанды көшбасшылық қызметіне ризашылық білдіреміз.
Сондай-ақ, оның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тиімділікті, ашықтық пен айқындықты арттыру жөніндегі қазіргі жұмысына қолдау көрсетеміз.
Қазақстан БҰҰ-ның миссиясы мен Жарғысын берік ұстанады. Сонымен қатар, еліміз тұрақты, әділетті және өркендеген әлем құру жолындағы ортақ міндетті жүзеге асыруға атсалысады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ауқымды әрі бірден-бір әмбебап халықаралық ұйым ретінде шын мәнінде баламасыз болып қала беретініне сенімдімін.
Назарларыңызға рақмет!
www.akorda.kz
22 қыркүйек 2020 ж. 597 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930