Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтардың Қапшағайдағы жеңісі

Қазалылықтардың Қапшағайдағы жеңісі

Жақында Қапшағай қаласында кіші футболдан елімізге белгілі мәнерлеп сырғанаушы, жасөспірімдер арасындағы олимпиада мен қысқы Азия ойындарының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін жарыс өтті. Аяқдоп аламанында Қазалы ауданының ардагер футболшыларынан жасақталған "Kazaly", Астана, Алматы, Тараз және Қызылорда қаласында тұратын қазалылықтардан құралған "Zamandastar", Қапшағай қаласының ардагерлерінен тұратын "Dostyk" және "Team Elizabet Tursynbaeva" командалары бақ сынады.
Турнирдің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқан Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков Элизабет Тұрсынбаеваның әлемдік аренадағы өзіндік орны бар спортшы екендігін, осындай турнирлердің бұқаралық спортты дамытудағы ықпалының ерекшелігін атап өтті.
Қапшағайда тұңғыш рет ұйымдастырылған турнир қалалық стадион мен орталық саябақта өтті. Аталған жарыста Қазалы ауданының намысын Самат Жұбаниязов, Нұрлан Жанарыстан, Ерлан Құрманов, Бауыржан Байшылықов, Ербол, Алик Тлеумбетов, Толыбай Жүсіпов, Теміржан Атағұлов, Біржан Медетбаев қорғап, екінші орынға табан тіреді. Ал, турнирдің жеңімпазы болып "Zamandastar" командасы танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар кубоктар мен дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, бірқатар үздік деп танылған ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды.
«Турнирге қатысқан "Kazaly" командасын ерекше ықыласпен атап өткім келеді. Өйткені олар менің Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан келген жерлестерім. 1494 шақырымды артқа тастап, күннің аптап ыстықтығына қарамастан команданы бастап келген ардагер спортшы Толыбай Жүсіпов болса, оның әріптестері тамаша өнер көрсетті. Ал, "Zamandastar" командасына келер болсақ, бәрі де шеберлігі шыңдалған керемет жандар. Олар Қазалы ауданында дүниеге келіп, бұл күндері еліміздің әр өңірінде еңбек етіп жүр. Құрамындағы Қайрат Жұмағұлов, Қуаныш Жақсыбергенов, Балабек Сыздықов, Абай Дүйсенбиев, Нұрлан Қозыбаев, Әкімжан Әбішев, Алмасхан Лепесов, Бауыржан Ахантай, Серік Тоқтаболатовтар нағыз тартысты ойын өрнегін көрсетіп, алтын медаль мен кубокқа ие болды. Жарайсыңдар, мен сендермен мақтанамын!», - дейді мәнерлеп сырғанаушының әкесі, жерлесіміз Байтақ Тұрсынбаев.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
18 шілде 2018 ж. 1 515 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930