Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елден қара металл сынықтарын шығаруға тыйым салынды

Елден қара металл сынықтарын шығаруға тыйым салынды

Фото: pixabay.com/ru
ҚР ӨҚМ қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 19 тамызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі № 304 «Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын қабылдады.

Бұйрыққа сәйкес ҚР аумағынан қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен шығаруға уақытша тыйым салынды. Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды. Өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады, - делінген хабарламада.

Министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл - ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі.

Бұйрық 2024 жылдың 22 тамызынан бастап күшіне енеді.
22 тамыз 2024 ж. 126 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 32

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 66

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 109

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 59

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 59

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031