Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын шығаруға тағы алты айға тыйым салынады

Қазақстаннан қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын шығаруға тағы алты айға тыйым салынады

Индустрия министрлігі "Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Жоба мәтініне сәйкес, Қазақстаннан шығаруға тыйым салу алты айға ұзартылады:
  • көліктің барлық түрімен мыс қалдықтары мен сынықтарын, алюминий қалдықтары мен сынықтарын, қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын;
  • автомобиль және теңіз көлігінің түрімен: қоспалы болаттың, құрамында 8 мас.% немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын;
  • автомобиль және теңіз көлігінің түрімен бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін әкетуге.
Құжат қабылданса, тыйым 2023 жылдың 7 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Түсіндірме жазбада бұйрықтың мақсатында түсті металдар сынығы мен қалдықтартапшылығын көріп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру және олардың заңсыз айналымымен күресу шараларының бірі екені айтылған.
Жоба қоғам болып талқылау үшін 2023 жылғы 24 тамызға дейін Ашық НҚА порталында жарияланды.
11 тамыз 2023 ж. 322 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031