Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет: Жылыту маусымына 8,6 млн тонна көмірге қажеттік бар

Үкімет: Жылыту маусымына 8,6 млн тонна көмірге қажеттік бар

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Алдағы жылыту маусымына өңірлерді көмірмен қамту жұмыстары әлі ақсап тұр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Алдағы жылыту маусымына көмірге қажеттік 8,6 млн тонна болды. Оның ішінде 2,3 млн тонна – коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке, 6,3 млн тонна халық пайдалануына қажет. Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері шамамен 1 млн тонна көмір жеткізілді, бұл жылдық жоспардың 12%-і, — деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.
Мониториң барысында алты өңірде, атап айтқанда: Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында көмір дайындау жұмыстары төмен екені анықталды.
Қазақстан темір жолы және көмір өндіруші кәсіпорындар жоспарға сәйкес өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын. Аталған өңірлер жұмысты жандандыруы қажет, — деді Қанат Шарлапаев.
Өз кезегінде премьер-министр Олжас Бектенов көмір қорын ерте жинау туралы бұған дейін бірнеше рет айтылғанын еске салып, көрсеткіші төмен өңірлерді сынға алды.
Қазір ҚТЖ компаниясымен, өнеркәсіп және көлік министрліктерімен, өңірлермен бірлесіп, жедел штаб құрылған.
Осы штаб жұмысында қазіргі уақытта ең басты мақсат – көмірді уақытылы жеткізу. Өндіруші кәсіпорындар көмір өндіруге дайын, осы бағытта 20 мыңға жуық төбесі ашық вагондарды іске қосамыз. Оның ішінде 11 мыңға жуығы энергетикалық көмірге арналған, қалған 9 мыңға жуық жартылай вагонды коммуналдық тұрмыстық көмір жеткізу үшін іске қосамыз. Екіншіден, Шұбаркөл кен орнында автокөлікпен алып кету пунктін іске қостық. Осы жұмыс барысындағы мәселелер жедел штаб пен министрліктің тұрақты бақылауында болады, — деді Қанат Шарлапаев.



20 тамыз 2024 ж. 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30