Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда DiDi такси қызметі жабылатын болды

Қазақстанда DiDi такси қызметі жабылатын болды

4 наурыздан бастап Қазақстандағы DiDi таксиі өз қызметін тоқтатады. «Біз DiDi-дегі миссиямызды – күнделікті өмірді ыңғайлы ету деп білеміз, яғни жолаушылар мен серіктестер үшін ең жақсы сервистерді ұсынғымыз келеді. Өкінішке қарай, бұдан былай Қазақстанда мұны қамтамасыз ете алмаймыз, осыған байланысты DiDi 2022 жылғы 4 наурыздан бастап елдегі жұмысын тоқтатады», - деп жазылған компанияның Facebook парақшасында.
Жолаушылар мен жүргізушілер 4 наурызға дейін DiDi такси қызметін әдеттегідей қолдана алады. «Біздің қызмет іске қосылған сәттен бастап қолдау көрсеткен бүкіл жүргізушілер мен жолаушыларға алғыс айтқымыз келеді. 4 наурызға дейін DiDi әдеттегідей жұмыс істейді» - деді такси қызметі. Айта кетейік, DiDi – такси, каршеринг және райдшеринг қызметтерін көрсететін қытайлық конгломерат. Компания 2012 жылы Бейжің қаласында құрылған. Қазіргі уақытта компания Еуропа, Азия, Аустралия, Латын Америкасындағы елдерде миллиондаған адамға қызмет көрсетеді.
22 ақпан 2022 ж. 451 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 13

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930