Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі өңір әкімдері жаңа өкілеттікке ие болады

Елдегі өңір әкімдері жаңа өкілеттікке ие болады


Бұл атқарушы билік пен инновациялық сала өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді

фото: kg-rostov.ru
Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік беріледі. Бұл туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаңа ереже бойынша Үкімет жанындағы кеңестердің біріне Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерін кіргізу жоспарланған.

Жаңа бастаманы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған. Құжатта әкімдерді Үкіметтің технологиялық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына енгізу ұсынылды. Ол кеңестің құрамына президенттің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі де кіреді. Әзірге құрамда премьер-министр, барлық министрлер, сондай-ақ агенттіктер мен ұлттық компаниялардың басшылары бар.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл атқарушы билік пен инновациялық сала өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес 2022 жылдан бері консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады және мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында құрылған.

Заң жобасы 3 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
20 тамыз 2024 ж. 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930