Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік берілмек

Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік берілмек

Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттіктер беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Reuters

Бұл туралы бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жаңа ереже бойынша үкімет жанындағы кеңестердің біріне Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерін кіргізу жоспарланған.

Жаңа бастаманы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған, құжатта әкімдерді үкіметтің технологиялық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына енгізу ұсынылды. Аталмыш кеңестің құрамына президенттің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі де кіреді.

“Даусыңды көтермей сөйле": Шымкент әкімінің полицейге дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады

Әзірге бұл кеңестің құрамына премьер-министр, барлық министрлер, сондай-ақ агенттіктер мен ұлттық компаниялардың басшылары кіреді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл атқарушы билік пен инновациялық сала өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, үкімет жанындағы "технологиялық саясат жөніндегі кеңес" 2022 жылы құрылған. Кеңес консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады және "мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында" құрылған.

Заң жобасы 3 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің алты облыс әкіміне ескерту жасағаны туралы жазған едік.
19 тамыз 2024 ж. 254 0

Алматыда жер сілкінісі болды

22 желтоқсан 2025 ж. 170

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031