Мемлекеттік қызметте жаңа лауазымдық орын пайда болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 жарлығына толықтыру енгізу туралы жобаны әзірледі. Оған сәйкес, саяси және әкімшілік қызметшілерінің В, С және D санаттары бойынша "дата-стюард" лауазымын енгізу жоспарланған.
"Қазақстан Республикасы парламенті депутатының көмекшісі" деген жолдан кейін "дата-стюард" мазмұндағы жолмен толықтырылсын", - делінген құжатта.
Бұдан бөлек, сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің екінші хатшысы, бас консулдықтың консулы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы бас мамандар дата-стюард қызметін атқарады.