Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан артық жүруге тыйым: Қажеттілік әлде мәжбүрлі шара?

Такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан артық жүруге тыйым: Қажеттілік әлде мәжбүрлі шара?

Фото: inbusiness.kz
Шілде айының аяғында Көлік министрлігі такси сапарларын 50 шақырымға дейін шектеуді ұсынды. Қоғамда бұл мәселе жіті талқыланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көлік министрі Марат Қарабаев рөлі он жағындағы көлікті InDrive-қа тіркеуді алып тастау мәселесі қаралатынынын, бұл бағытта бірқатар ұсыныс әзірленгенін айтты. Сөзінше, елімізде жол-көлік оқиғаларының дені оң рульді көліктердің қатысуымен болады.

Бүгінгі таңда Сенатта "орташа жылдамдық" туралы заң қаралып жатыр.

   
"Бір нүктеден екінші нүктеге жету үшін орташа жылдамдықты асырмау керек, одан көп болса, автоматты түрде айыппұл келеді. Нәтижесінде жеңіл көлік пен автобустардағы орташа жылдамдық бірдей болады деп ойлап отырмыз. Сондықтан халық қайта автобусқа өте ме деген ой бар. Екінші ұсыныс – басқа елдерде InDrive сияқты агрегаттардың қалалардың арасында қатынауға рұқсаты жоқ. Мысалы, бізде де 50 шақырымға дейін болады, одан әрі қатынауға болмайды дегендей", - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ведомство басшысы жол апатының дені жылдамдықты қатты асырғаннан, жүргізушілердің күні-түні демалмай бір қаладан екінші қалаға жолға шығуынан деп отыр. Әрине, министрдің айтып отырғаны әзірге тек ұсыныстар екенін ескеруіміз керек.

Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоковтан Көлік министрлігінің бастамасына қатысты пікірін білдік.

   
"Бүгінде нарықта осындай қызмет түріне (такси – ред.) сұраныс, бұл қызметті ұсынатын жеткізуші бар. Бұл маған бағасы бойынша келісуге көмектесетін жай ғана қосымша. Такси жүргізушілерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бұл басқа мәселе. Бұл ойлануды қажет етеді. Жалпы алғанда, егер де қандай да бір заңнамалық тосқауылдар болмаса, онда еркін нарықта тыйым салуға қатысты осындай бастамалар кішкене түсініксіздеу", - деді спикер.

19 тамыз 2024 ж. 230 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930