Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ жол жүру ережесін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынады

ІІМ жол жүру ережесін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынады

Себебі, 9 айда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны ұлғайған.ІІМ жол жүру ережесін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынадыФото: ortcom.kz
Әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы жылдамдық режимін сақтамау салдарынан болады. Жол көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандарың 4/1 бөлігін жаяу жүргіншілер құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Спикердің айтуынша, жолдағы апаттарға көп жағдайда жолды кез-келген тұсынан кесіп өтетін, бағдаршамның жануын күтпей жолдан өтуге ұмтылатын жаяу жүргіншілер себепкер. Ал, тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүргіншілер киімінде жарық қайтаратын элементтер болмауы салдарынан жүргізушілер оларды байқамай қалуы мүмкін.
"Елімізде жаяу жүргіншілердің кесірінен 357 жол-көлік оқиғасы болып. 77 адам қаза тапса, 293 адам жарақат алған. Биыл жол ережесін бұзған 216 мыңнан астан жаяу жүргіншіге айыппұл салынған", -дейді Жандос Мұратәлиев.
ІІМ өкілінің айтуынша, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны соңғы тоғыз айда ұлғайған. Осы мерзім ішінде ішінде кәмелетке толмаған баланың қатысуымен 2378 жол-көлік оқиғасы болып, 181 бала қаза тауып, соның 2826-cы жарақат алған.
Жандос Мұратәлиевтің сөзінше, балаларға жол-қауіпсіздігін оқытуда өзге елдермен салыстырғанда елімізде айтарлықтай айырмашылық бар. Өйткені елімізде жол жүру қағидаларын оқытуға мектепте өте аз сағат бөлінген. Сондықтан ІІМ Оқу-ағарту министрлігіні жол жүрісі ережелерін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды ұсынып отыр.
18 қазан 2022 ж. 563 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 250

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031