Біліктілік деңгейі ерекше оқу орны
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияға биыл 60 жыл. Мұнда әр сыныпқа оқушылардың таңдауы бойынша факультативтер мен қосымша курстар, үйірмелер ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
Бүгінде оқушыларды қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытады. Мектеп-гимназия 450 орынға шақталған. Екі ауысымда 900-ге жуық оқушы сабаққа қатысады. Балалардың заманауи ілім алуына – 95 педагог қызметкер аянбай тер төгеді. Оның ішінде, пән мұғалімі, әлеуметтік және қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, дефектолог, тәлімгер мен кітапханашы, сондай-ақ МАД мамандары бар. Мектеп-гимназия бойынша былтырғы оқу жылында білім алушылардан 8 оқушы «Алтын белгі» алса, 7 бала «Үздік аттестат» және 24 шәкірт «Үздік куәлікке» ие болды деген ақпарат ұсынды мектеп басшылығы.
Директордың мәлімдеуінше, мектеп ауданы – 2191,6 шаршы метрді құрайды. Ғимаратқа кіре берісте әкімшілік пен сынып жетекшілері күнделікті кезекшілікте тұрады. Білім ордасында полицияға шұғыл қоңырау шалу үшін дүрбелең түймесі, сондай-ақ өрт дабылы орнатылған. Сонымен бірге кіре беріс бейнебақылау камералары арқылы бақыланады. Мұнда 19 бейнекамера іске қосылған. Оның ішінде, 9 сыртқы, іште 10 орналасқан.
Аталған бейнебақылау жүйесі мектеп аумағының сыртқы периметрі, ғимараттық кіреберісі, коридорлар, баспалдақ алаңы, шағын орталықтың сыртқы периметірін, жатын және ойын бөлмесі, қазандық ғимаратының іші-сыртын тиімді визуалды бақылауды қамтамасыз ететіндей етіп салынған. Бейне бақылау мен өрт қауіпсіздігі бойынша келісім шартқа отырған ұйым жылына екі рет тексеру жұмыстарын жүргізеді. Қажет болған жағдайда туындаған ақаулықтарды жояды. Жылына бір рет өрт сөндіргіштерді ауыстырады. Жалпы мектеп – 450 оқушы қабылдауға арналған. Ғимараттың инфоқұрылымы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай. Үй-жайлардың жарық және ауа-жылу режимдері, қауіпсіздік шаралары, өртке қарсы сақтық шаралары сақталған. Санитарлық ережелерге сәйкес келетін ішкі санитариялық бөлмелері бар. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін жабдықталған медициналық кабинет бар. Оқушыларды жыл сайынғы кешенді тексеруді аудандық емхананың дәрігерлер тобы жүргізеді. Мектепте дене шынықтыру сабақтары мен спорт секциялары өткізілетін 315,6 шаршы метрлік спорт залымен жабдықталған. Тәрбие мен білім беретін орын 29 оқу кабинетімен жабдықталған. Модификация кабинеттері биология мен тарих, соған тиісті құрал-жабдықтары да бар. Кабинеттер оқу құрылғылары, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Асханада қажетті технологиялық жабдықтар қойылды, тек оны жаңарту қажет. Мектепте ішкі дәретхана бар. Ұлдарға 2 және қыздарға 2 дәретхана бөлінген. Ішінде 2 қол жуатын құрылғы, 4 унитаз, 2 қол кептіретін орналастырылған.
– Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісі талапқа сай қарастырылған. Мектеп бойынша асхана 100 орынға арналған. Оның жалпы ауданы – 106,85 шаршы метр. Бөлме саны – 4. Ас даярлайтын бөлменің ауданы – 45,10, ас ішетін бөлменің ауданы – 139,80, қойма – 11,10, ыдыс жуатын бөлме – 11,10 шаршы метрді құрайды. Ас ішу залында үстелдер, орындықтар, қолжуғыш, сұйық сабын, қоқыс салатын жәшік қойылған. Асханада «Ас адамның арқауы» тақтасы, ақпараттық стендтер ілінген. Meктеп асханасында 1 аспазшы және 3 көмекшісі бар. Санитарлық кітапшалары талапқа сай, медициналық тексерістен уақытылы өткен. Жұмыс барысында халат, алжапқыш, орамал, екінші аяқ киім киеді. Ас пісіру барысында қолдарына арнайы резеңке бес саусақты қолғап киеді. Ауыстырып отыруға халат, алжапқыш, орамалдары үш данадан бар. Ас дайындағанда, санитарлық талаптарды орындайды. Тұрмыстық техникадан электр плитасы, тоңазытқыш, мұздатқыш, электронды таразы тіркелді, – дейді Б.К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия директоры Ерік Өмірзақов.
Ережеге сәйкес жалпыға бірдей міндетті білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 1-4 сынып оқушыларымен жекелеген санаттарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыру қамтамасыз етуге байланысты тауарды сатып алу» қағидаларын бекіту бұйрықтарын орындау негізінде жалпыға бірдей міндетті білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтанумен қамтамасыз етуде мектеп бойынша 1-4 сынып оқушыларын тамақтанып отыр. Тамақтану 100 мәселелерін мектепке бекітілген жеткізуші ИП « Панова-Б» тағайындалды.
Мектеп оқушыларына медициналық қызмет уақытылы көрсетіледі. Медициналық қызметке арнайы лицензия берілген. Мерзімі-шектеусіз. Мектеп мейірбикесі – Гүлжанат Қырықбаева. Мамандығы бойынша медициналық біліктілігін арттыру курсынан өткен куәлігі бар. Сертификат бойынша медициналық қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Тағы бір сала маманы Дина Бектұрғанқызына да медициналық кабинетте жұмыс істейді. Медицина кабинеті мектептің бірінші қабатында орналасқан. Кабинеттің жалпы көлемі 36,0 шаршы метрді алып жатыр. Күн сайын тазалық жұмыстары жүргізіледі. Медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Санитарлық қағидаларға сәйкес мектептің медициналық қызмет кабинетінде жеке пайдалануға арналған 2 жазу үстелі, 2 орындық, 2 кушетка, 2 медициналық шкафы, 1 тоңазытқыш, 1 өлшегіш лентасы, 1 бакцериалдық шам, 1 таразы, 1 бой өлшегіш, 1 тонометр, 1 термометр, 1 қол жуғыш, шелек, тағы басқа да медициналық жабдықтармен толық жабдықталған.
Нақты мәліметтер бойынша жалпы есеппен алғанда, қазіргі таңда мектеп қорында – 18570 оқулық, 1553 көркем әдеби шығарма бар. Е-таңдау платформасы арқылы мектеп оқулықтарына таңдау жасау жоспарлануда.
Кітапхананың қызметі бірыңғай ережелерін кұру, құжаттарын сақтау, жинақтау, ескірген басылымдар мен оқу әдебиеттерін есептен шығару, оқырмандарға қызмет көрсету ережелерін ұйымдастыру белгілі бір талап пен ереже бойынша жүргізіледі. Ал жаңа оқу әдебиеттерін қабылдау ілеспе кұжаттар бойынша жүзеге асады.Кітапхананың басты мақсаты - оқу процесін ақпараттық ресурстарымен қамтамасыз ету. Кітапхананың басты міндеті - оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсету, қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету. Жыл сайын кітапхана өз қорын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан толықтырады.
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияда мектеп кітапханасы оқу ғимаратының төменгі қабатында орналасқан. Оқу залы – 15 орын және ғаламторға қосылған – 1 компьютермен жабдықталған. Абономент залында көркем шығармалармен қатар әр ғылым саласы бойынша сөздіктер, ұстаздарға арналған газет-журналдар бұрышы, қазақ халқының ертегілері мен жаңа кітаптар және «Харри Поттер VII томдығы» кітап көрмесі жыл бойы ұйымдастырылады.
«Бір ел – бір кітап» республикалық жыл кітабы Б.Соқпақбаевті оқимыз, «Кітапхана бұрышы», «Қазақтың Қанышы – 125 жыл» кітап көрмесі, «Ертегілер еліне саяхат» мобильдік кітапхана», «Мен болашақ оқырманмын» бастауыш сыныптары арасында бұрыштары мен «QR-кодпен оқылатын әдеби кітаптар» жоғары сыныптарға арналған, заманауи кітаптар бұрыштарымен, брошюралар, газет-журналдармен жабдықталған. Оқулықтар қорына арналған кітап қоймасында 4 сөреде оқулықтар сыныптар бойынша орналастырылған. Кітапхананың ұйымдастырған іс-шаралары, бейнероликтер, виртуалды көрмелер, оқырман конференциялары, әдеби танымдық кездесулер, «буккроссинг», «Coworking» орталықтарымен қамтылған. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы жұмыстар мектеп сайтына «Facebook» желісіне жүктеледі. Арнайы “Оқуға құштар мектеп” жобасы, «Facebook», әлеуметтік желілерге ақпараттар уақытында жарияланады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА