Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады

Студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады

© Photo : Facebook / Қазақстан темір жолы
Оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады, хабарлады Көлік министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше бұл шара Батыс өңірінің тұрғындарының сұранысына байланысты қолға алынған.
"Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционері бар жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды", - дейді министрлік.
Маршруттарға нақты тоқталсақ: Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді. Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған.
Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16,18,20,22 тамызда қатынайды. Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.
Студенттердің өтінішіне сәйкес Көлік министрлігі қосымша вагондар тіркеуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылады. Келесі жылы тағы 226 жаңа вагон келеді. Вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
14 тамыз 2024 ж. 295 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930