Париж-2024: Бүгін қазақстандық спортшылар қай спорт түрінен сайысқа түседі
Фото: olympic.kz
4 тамызда Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қай уақытта сайысқа түсетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын кестесі Астана уақытымен берілген.
12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу.
Никита Чирюкин
12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн).
Әсем Орынбай
13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең.
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей
13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең.
Ольга Сафронова
14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең.
Давид Ефремов
15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал
80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы)
16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші).
Никита Чирюкин
18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
Әсем Орынбай
Еске салайық, 3 тамызда Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов “Париж 2024” Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Бұл – спорт гимнастикасынан Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.