Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нариман Курбанов: Халықтың қуанышын көру мен үшін бақыт

Нариман Курбанов: Халықтың қуанышын көру мен үшін бақыт

Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық гимнаст Нариман Курбанов 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол спорттық гимнастикадан жазғы ойындарда жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Курбанов 18 жасынан бастап Олимпиададан жүлде алуды армандағанын айтады, - деп жазды Olympic.kz.

«Қазір ойымнан шатасуым мүмкін (күлді). Мен снарядқа келдім де комбинация басталар алдында бар жұмысты денеме арта салдым. Мимен ештеңе ойламай, тек соңына дейін жаттығуды орындай бердім. Мұның бәрінен қалай өткенімді өзім де түсінбей тұрмын. Ұзақ жылдар бойы жасап жүрген комбинацияны автоматты түрде орындап шықтым. Қазіргі олимпиадалық циклді есепке алар болсақ, мен бағдарлама соңында жиі құлайтынмын. Бұл менің техникалық немесе тактикалық тұрғыдағы кемшілігім емес. Психологиялық тұрғыдан беріліп қоятынмын. Бүгін бар тәжірибемді жинап, ең маңызды турнирде білгенімді түгел орындадым. Өзімнің спорттық мансабымда бағдарламаны бірінші де, соңғы да болып орындайтынмын. Менің бүгін ортаға бірінші шығып, алғаш боп атқа жақындағанымның ең үлкен артықшылығы – қарсыластардың бағасын көрмегенім. Осы жағынан қысым болмады. Егер мен ирландиялық спортшының 15,5 ұпай алғанын көрсем, қобалжи бастаушы едім. Желіден Олимпиада медалін таныстырған соң, сол суретті сақтап қойдым. Осы маусымдағы әрбір жарыс алдында суретке қарап, армандайтынмын. Олимпиададан жүлде алу бала кезден бергі арман емес. 18 жасыма қарай жазғы ойындарға қатысып, жүлде алуға асыға бастадым. Мақсат қойдым. Сол мақсатқа жету үшін жұмыс істедім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, еліміздің қуанып жатқанын көру мен үшін бақыт», - деді Курбанов.
04 тамыз 2024 ж. 269 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031