Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа екі бөлмелі пәтер берілді

Қызылордада боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа екі бөлмелі пәтер берілді


Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада бокстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа екі бөлмелі пәтер берілді. Қызылордалық спортшы былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлде алып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. 

Аймақ басшысы боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.
«Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көріну – әр спортшының арманы. Бұл – еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Чемпиондарға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік», – деді Нұрлыбек Нәлібаевпен боксшымен жүздесу барысында. 
Өз кезегінде спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Кездесу соңында облыс әкімі өңір халқының атынан Қамшыбекке пәтер кілтін табыстады.
Қызылордалық спортшылар 2024 жылғы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Олардың қатарында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали, дзюдодан Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан ел намысын қорғайды.
Ал Паралимпиадада отырып ойнау волейболынан қос бірдей спортшымыз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов, пара жеңіл атлетикадан Еламан Жоламан, парапауэрлифтингтен Станислав Шакиев айтулы жарысқа қатысуға мүмкіндік иеленді. 
05 шілде 2024 ж. 122 0

Ана тілеуі

06 шілде 2024 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031