Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау камералары автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылуы мүмкін

Бақылау камералары автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылуы мүмкін

© Sputnik / Владислав Воднев
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камераларды қоғамдық және жедел жәрдем көліктеріне орнату бастамасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде қалаларда жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған. Оған қоса, патрульдік автокөліктер де тура сондай жүйелермен жабдықталып жатыр.
"Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталуда. Елімізде осындай құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашылды. Сондықтан әкімдіктер тез арада осы құрылғыларды алу қажет", - деді Сәденов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, осы бастама жүргізу мәдениетін арттыруға және жолда бақылау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Айта кетері, Қазақстанда жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бүгінде республикалық жолдардың тек 3 проценті ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
30 шілде 2024 ж. 380 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031