Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір аптада азық-түлік тауарының 8 түріне баға төмендеді

Бір аптада азық-түлік тауарының 8 түріне баға төмендеді

Фото: t.me/KZgovernment
Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен еліміздегі азық-түлік қоры мен бағаның қазіргі жағдайын талқылаған жиналыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, өткен аптаның қорытындысына сәйкес, 8 тауар бойынша бағаның төмендеуі байқалды. Атап айтқанда, жұмыртқа – 0,7%, айран – 0,5%, сары май және қарақұмық жармасы – 0,4%, күріш пен ұн – 0,2%, қант пен макарон өнімі – 0,1%. Нан, сүт, сүзбе, сиыр еті және тұз бағасының орташа индексі тұрақты.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жеті өңірде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында баға индексі тұрақты болып отырғанын хабарлады. 6 өңірде: Ұлытау – 0,4%, Шымкент және Павлодар облыстары – 0,2%, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстары – 0,1% төмендеу байқалады.

Маусымаралық кезеңде әлеуметтік көкөністердің бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлерде 137,9 мың тоннаға келісімшарттар жасалды. Аймақтардың басым бөлігі сәбіз бен пиязға, картоп пен қырыққабатқа күзгі-қысқы келісімшартқа отырды.

Сәбіз бойынша ӘКК келісімшарттары 22,1 мың тоннаны құрайды, бұл ұсынылатын қажеттілік көлемінің 115%-ы, пияз бойынша – 24,2 мың тоннаны немесе қажеттіліктің 169%-ы, картоп бойынша – 74,3 мың тоннаны немесе 94%-ды, қырыққабат бойынша – 17,1 мың тоннаны, 85%-ды құрайды, — деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Кеңесті қорытындылай келе, Серік Жұманғарин күзгі-қысқы көкөністерге келісімшарттың төмен үлесі байқалатын өңірлерге бағаның өсуіне жол бермеу үшін форвардтық шарттар жасасу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
29 шілде 2024 ж. 206 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930