Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Биылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы айдың басымен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді. Аса маңызды тауарлар жыл басындағы бағалармен салыстырсақ 3,2%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz
Айдың басынан бастап ұн, рожки, қарақұмық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант және тұз арзандады. Бұл ретте күріш, май, сиыр еті, тауық еті, сүт, сүзбе және жұмыртқа қымбаттаса, нан мен айран бағасы өзгермеген.
Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлар бағасы бір айда өзгерген жоқ, жыл басына қарағанда олар 5,9%-ға, ал 2022 жылдың тамызына қарай 12,4%-ға өсті.
20 өңірдің 9-ында айлық динамикада баға өскен, 3 өңірде сол деңгейде қалды, ал 8 өңірде баға төмендеді. Бағаның ең жоғары айлық өсімі Ақмола облысында (0,9%-ға), ең жоғары айлық төмендеу Ақтөбе облысында (0,8%-ға) тіркелді.
Жыл басынан бері ең жоғары қымбаттау Ұлытау облысында (+9,2%) байқалды, ең аз қымбаттаған өңір – Шымкент (+3,1%).
Жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Астанада тіркелді: 16,2%-ға. Антилидерлер үштігіне Ұлытау және Қызылорда облыстары енді. Ең аз жылдық қымбаттау Шымкентте: 9,7%-ға.
26 қыркүйек 2023 ж. 316 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031