Париж-2024: Олимпиадаға 11 жастағы спортшы қатысады
Фото: ҰОК Тұрар Қазанғапов
Париж Олимпиадасына қатысатын ең жас және егде спортшы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олимпиада ойындарында алғаш рет брейк-данс бойынша жарыс өтеді. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мұндай шешімді 2018 жылы Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасынан кейін қабылдаған еді. Бұл жарыстан еліміздің намысын қорғайтын спортшымыз да бар екенін айта кетейік. Ол - Әмір Зәкіров.
Олимпиадаға 11 жастағы спортшы да қатысады. Қытайлық Чжэн Хаохао скейтборд спортнынан сынға түседі. Ал олимпиададағы ең егде спортшының жасы – 65 те. Ол - испаниялық шабандоз Хуан Антони Хименес.
Ал Олимпиада ойындарының бойтұмары ретінде Фриги есімді қалпақ таңдалған. Қалпақ – «Француз Республикасының айқын символы», ал француз халқы үшін ол – азаттық бейнесі болып есептеледі.
Олимпиада қалашығы аумағы 52 гектарды құрайды. Ол Сент-Уэн, Сен-Дени және Иле Сен-Дени аудандарының арасында, бұрынғы өнеркәсіптік шөлейттердің орнында және Стад де Франс стадионына жақын жерде орналасқан. Қаплашықта 40 түрлі тұрғын үй, сондай-ақ оқу орындары, спорт залдары, емхана және допингке қарсы орталық бар. Спортшыларға 4 мың қызметкер мен 1500-ге жуық ерікті қолдау көрсетеді.